ЖЕҢІС КҮНІ

Сөзін аударған Б. Алдамжар

Жеңіс күні – алыс арман оттары,
Күл астында жатқан жайнап шоқ тағы.
Өртенді жол, шаңға батты маңай да, -
Осы күнді жақындаттық қалайда.

Мынау Жеңіс күні оққа шыдатқан,
Бұл мереке шаш ағарған сынақтан,
Бұл қуаныш шаттандырып, жылатқан.
Жеңіс күні! Жеңіс күні! Жеңіс күні!

Күні-түні мартен қарап тұрмады,
Отанымыз көзін бір сәт жұмбады.
Күні-түні, өлем деген жоқ ойда, -
Осы күнді жақындаттық қалайда.

Мынау Жеңіс күні оққа шыдатқан,
Бұл мереке шаш ағарған сынақтан,
Бұл қуаныш шаттандырып, жылатқан.
Жеңіс күні! Жеңіс күні! Жеңіс күні!

Арма, анажан, оралмадық бәріміз,
Шықты кешіп, жүгірерміз әлі біз!
Европаны шарлап шығып көп айда, -
Осы күнді жақындаттық қалайда.

Мынау Жеңіс күні оққа шыдатқан,
Бұл мереке шаш ағарған сынақтан,
Бұл қуаныш шаттандырып, жылатқан.
Жеңіс күні! Жеңіс күні! Жеңіс күні!

Download